Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШЖҚ КМК

«Семей қаласының №2 қалалық ауруханасы»

Шамшин Ержан Мағыпарұлы, ШҚО ДсБ әкімдігі ШЖҚ КМК «Семей қ.№2 қалалық ауруханасы»

071409, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Кабельді көлденең 1

Тел: (7222)34-82-35, 34-49-18

Ертістің қос жағалауына кеңінен жайғасқан Семей қаласы егемен Қазақстанның ауқымды және ең көрікті қалаларының бірі екендігі сөзсіз, әрі еліміздің рухани астанасы болып табылады. Көне мен жаңаның үйлесім тапқан қайталанбас келбетімен қоса, Семей республикамызда отбасылық-дәрігерлік емхана тәжірибесін енгізген алғашқылардың бірі болып табылады.  Әр науқастың даралап тілін табу, тұрғындардың денсаулығы мәселелеріне ықыласпен қарау және дәрігерлердің өз мамандықтарына деген шексіз махаббаттары қалалық денсаулық сақтау мекемесі қызметін ерекшелейді. Солардың қатарында Ертіс өзенінің сол жағалауы, Жаңа Семей аймағында орналасқан ШЖҚ КМК «Семей қ.№2 қалалық ауруханасы» ұжымы бар.

Бұл клиниканың тарихы сонау 1973 жылдан бастау алған: жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден астам жерді алып жатқан №2 қалалық ауруханасына арналған типтік үш қабатты кірпіш ғимарат пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі таңда Қалалық ауруханада 160 тәуліктік, 12-стационар алмастырушы және 3-қарқынды терапия кереуеттері жұмыс жасауда. Аурухана әр түрлі бағыттағы науқастарға кәсіби және мамандандырылған көмек көрсетеді: терапиялық (60 кереует), неврологиялық (40 кереует), гинекологиялық (40 кереует), педиатриялық (20 кереует), күндізгі ем қабылдау палаталары, сондай-ақ қалпына келтіру және медициналық оңалтуларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтары бар.