Мен, Шамшин Ержан Мағыпарұлы , 1964 жылы 14 мамырда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келдім. Қызметкерлер отбасында.

Әкем – Шамшин Мағыпар – дәрігер. Еңбек сіңірген дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек ардагері, тыл еңбекшісі. 40 жыл бойы Көкпекті, Бесқарағай аудандарында бас дәрігерлік және Семей қаласындағы қалалық СЭҚ бас дәрігері қызметін атқарған.

Анам – Шамшина Ұлжан  Нұрахметқызы – педагог. ҚазақССР еңбек сіңірген оқытушысы, еңбек ардагері, тыл еңбекшісі. 30 жылдай партиялық қызметте жұмыс атқарған, Семей обком партиясы секторының меңгерушісі.

1969 жылы әкемнің Бесқарағай ауданына бас дәрігер ретінде ауысуына байланысты  мен, 1971 жылы Б.Владимировск орта мектебіне бірінші сыныпқа барып,  сол мектепті 1981жылы аяқтадым. Осы жылы (1981) Семей Мемлекеттік мединститутына тсүіп, 1987 жылы бітірдім. Мамандығым – емдеу дәрігері .

Еңбек жолын 1987 жылы Еткомбинаты медсанбөлімінде дәрігер терапевт лауазымында бастадым.  1989 жылдан 2005 жыл аралығында – Семей қ. облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер эндоскопист  болып қызмет атқардым. 2005 жылдан 2011жылдары Семей қ. КДО ақылы медқызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс жасадым.  2011 жылдан 2013 жылдары аралығында  «Семей қ.№2 қалалық ауруханасы» КМҚК директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болдым. 12.06.2013жылдан ШҚО ДБ № 141 –Л бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан Облысы әкімдігі Денсаулық сақтау Басқармасы «Семей қ. №2 қалалық ауруханасы» ШБҚ  КМК директоры қызметіне тағайындалдым.

САНАТТАНДЫРУ: 2000 ж – Жоғары санатты дәрігер (эндоскопист)

2005 ж – Жоғары санатты дәрігер ( эндоскопист )

2010 ж - Жоғары санатты дәрігер ( эндоскопист)

2011 ж – Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру I категория.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Әйелі – Шамшина Баян Алпысбайқызы – дәрігер – гинеколог,  Теміржол ауруханасында қызмет жасайды.

Қызы – Шамшина Айжан Ержанқызы. 1987 жылы туылған, мамандығы – банк ісі. Астана қаласында тұрады.

Ұлы – Мағыпаров Сержан Ержанұлы. 1997 жылы туылған, Семей қ. Қазақ-Түрік лицейінің 10 сыныбында оқиды.

Сұрақ қою

Security code
Введите код с картинки kz