Семей қ. №2 қалалық ауруханасы

 

Проверьте свой статус медицинского страхования сейчас!

Для этого перейдите по ссылке, это не займёт много времени

ШҚО ДСБ "Семей қаласының №2 қалалық ауруханасы" ШЖҚ  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1973 жылдан бастап жұмыс істейді (бастапқыда ет комбинатының медсанбөлімі ретінде). Бұрынғы  уақытта аурухананы Ю. А. Зырянов, Г. Г. Ныгматуллина, И. В. Фоменко, В. Г. Грицаенко, Галина Александровна Бербер, Николай Васильевич Мантлер, Анатолий Виньяминович Соколов, Мұхаметкәрім Кәрімұлы Оразбаев және Альмурат Соланович Рыспаев басқарды. Қазіргі уақытта аурухананың бас дәрігері-Шамшин Ержан Мағыпарұлы. 

№2 аурухана мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) көрсетеді:

  • тәулік бойы болатын төсектерде науқастарға білікті стационарлық медициналық көмек,
  • күндізгі төсек-орындардағы стационарды алмастыратын медициналық көмек

келесі профильдер бойынша:

  • Жалпы терапия бөлімшесінде - 45 төсек
  • Гинекологиялық бөлімшесінде - 40 төсек
  • Педиатрия бөлімішесінде - 20 төсек орын
  • Дерматовенерологиялық бөлімшесінде  - 30 төсек

Барлығы 135 тәулік бойы төсек-орын, 46 орын күндізгі стационар  және 6 төсек-орынға арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар. Негізгі бөлімшелерден басқа,  клиникалық қызметтер бар: физиотерапия бөлімшесі, зертхана, ЭКГ кабинеті, рентген кабинеті, УДЗ кабинеті, МКГБ, ФГДС кабинеті. Стационарда  СММУ-нің  ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы орналасқан.

  • Терапия бөлімшесінің меңгерушісі: Шерьязданова Гульмира Хамитовна, жоғары санатты дәрігер-терапевт.
  • Күндізгі стационар меңгерушісі: Абишева Гульбаршин Когамбековна, жоғары санатты дәрігер невропатолог.
  • Гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі: Матицина Елена Николаевна, жоғары санатты дәрігер-гинеколог.
  • Педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі: Солтанбекова Альмира Мадриковна, жоғары санатты педиатр-дәрігер.
  • Емхана меңгерушісі: Жунусова Жанар Дегеленовна,  жоғары санатты дәрігер-дермато венеролог.
  • Дерматовенерологиялық бөлімшенің меңгерушісі: Жанаева Салима Муратовна,  жоғары санатты дермато венеролог.

Барлығы 54 дәрігер, 109 медбике жұмыс істейді. Дәрігерлердің санаттылығы -85% медбикелер-71,7% құрайды.

Стационар негізінде СММУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы орналасқан.

Маршруттар қатынайды: 1, 3, 6, 13, 23, 28, 41.

Аялдама: «Ет комбинаты»

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Кабельный переулок көшесі, 1 үй (Ет комбинаты ауданы)

Жұмыс тәртібі: 

  • Қабылдау бөлмесі-тәулік бойы

  • Әкімшілік - 8:00 ден 17:00 дейін. Сенбі, жексенбі-демалыс күндері.

Телефондар:

  • 8 (7222) 30-94-25 - Бас дәрігердің қабылдау бөлімі
  • 8 (7222) 30-94-50 - Бас дәрігер
  • 8 (7222) 44-55-26, 36-02-87 Бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары
  • 8 (7222) 30-94-29 - Стат кабинет
  • 8 (7222) 30-94-48 - Қабылдау бөлмесі
  • 8 (7222) 30-94-47 - Бас медбике
  • 8 (7222) 36-08-69 - Бас бухгалтер
  • 8 (7222) 36-02-86 - Экономист
  • 8 (7222) 33-94-38 - факс.

Электрондық пошта: gorbol2@med.mail.kz

Қала картасы
(үлкейтуге, азайтуға, жылжытуға болады):