18 июня прошла мероприятие приуроченный "Дню медицинских работников" в городской больнице №2 г. Семей
Семей қ. №2 қалалық ауруханасы
|
ШҚО ДСБ "Семей қаласының №2 қалалық ауруханасы" ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1973 жылдан бастап жұмыс істейді (бастапқыда ет комбинатының медсанбөлімі ретінде). Бұрынғы уақытта аурухананы Ю. А. Зырянов, Г. Г. Ныгматуллина, И. В. Фоменко, В. Г. Грицаенко, Галина Александровна Бербер, Николай Васильевич Мантлер, Анатолий Виньяминович Соколов, Мұхаметкәрім Кәрімұлы Оразбаев және Альмурат Соланович Рыспаев басқарды. Қазіргі уақытта аурухананың бас дәрігері-Шамшин Ержан Мағыпарұлы.
№2 аурухана мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) көрсетеді:
келесі профильдер бойынша:
Барлығы 135 тәулік бойы төсек-орын, 46 орын күндізгі стационар және 6 төсек-орынға арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар. Негізгі бөлімшелерден басқа, клиникалық қызметтер бар: физиотерапия бөлімшесі, зертхана, ЭКГ кабинеті, рентген кабинеті, УДЗ кабинеті, МКГБ, ФГДС кабинеті. Стационарда СММУ-нің ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы орналасқан.
Барлығы 54 дәрігер, 109 медбике жұмыс істейді. Дәрігерлердің санаттылығы -85% медбикелер-71,7% құрайды.
Стационар негізінде СММУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы орналасқан.
Маршруттар қатынайды: 1, 3, 6, 13, 23, 28, 41.
Аялдама: «Ет комбинаты»
Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Кабельный переулок көшесі, 1 үй (Ет комбинаты ауданы)
Жұмыс тәртібі:
Қабылдау бөлмесі-тәулік бойы
Әкімшілік - 8:00 ден 17:00 дейін. Сенбі, жексенбі-демалыс күндері.
Телефондар:
Электрондық пошта: gorbol2@med.mail.kz
Қала картасы
(үлкейтуге, азайтуға, жылжытуға болады):