Семей қ. №2 қалалық ауруханасы

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

Қалалық және ұялы телефоннан тегін  бірыңғай қысқа 1406 нөмірі арқылы медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтар қоюға, кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.

Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысында  медсақтандыру жүйесі пилоттық режимде іске қосылды және Қарағанды облысы тұрғындардың медициналық сақтандыруға қатысты сауалдарын қарайтын азаматтарды қабылдау кабинеті ашылды. Мұндай кабинеттер 2020 жылдан бастап Қордың әр аймақтағы филиалында жұмыс істей бастайды.

Алдағы уақытта call-орталығы медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдары бойынша берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер беретін болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  ШҚО бойынша филиалы

 

 

Медициналық сақтандыру қоры бұл сұраққа толық жауап береді.

Медициналық сақтандыруға аударылған төлем медициналық көмектің сақтандырылған пакетін алуға мүмкіндік береді. Ол тегін көрсетілетін медициналық көмекке қарағанда кең көлемде көрсетіледі. Сондықтан сақтандырылған азаматтардың тексеруден өту мен емделу бойынша алаңдауының қажеті жоқ. Сақтандырылмаған азаматтарға қарағанда олардың медициналық көмек алуда мүмкіндігі жоғары болмақ.