Семей қ. №2 қалалық ауруханасы

 

КВД-і  білікті мамандандырылған медициналық мекеме ретінде 1924 жылғы 1 қарашада Семей қаласында венеролог дәрігер И.В.Ваксманның бастамасымен ұйымдастырылды.

Қызмет көрсетілетін аумақ: дерматовенерологиялық бөлімше Семей қаласының тұрғындарына, қала маңындағы елді мекендерге және аудандарға (Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Курчатов қаласы, Жарма, Үржар, Көкпекті, Абыралы, Тарбағатай және басқа аудандар) қызмет көрсетеді.

Дерматовенерология бөлімшесі 2 ғимаратта орналасқан. Ғимаратта орталықтандырылған жылыту, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі бар.

Дерматовенерология бөлімінде 99 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 23 дәрігер 91,5% біліктілік санатына ие.

2017 жылдың қазан айында ұйым аккредиттеу рәсімінен өтті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орындаудан басқа, диспансерде ақылы диагностикалық, консультациялық және емдік медициналық қызметтер көрсетіледі.

Штаттары: дәрігерлер саны - 24; орта медициналық қызметкер-33. Штаттармен қамтамасыз ету -100%

Білікті медициналық көмекті 24 дәрігер көрсетеді, оның ішінде: жоғары санатты – 11 адам, I санатты – 10 адам, орта медициналық персонал – 33 адам, оның ішінде: жоғары санатты – 22 адам, I санатты – 5 адам.

Емхананың дерматовенерологиялық бөлімшесінің меңгерушісі-Жунусова Жанар Дегеленовна

Стационардың дерматовенерологиялық бөлімінің меңгерушісі-Жанаева Сәлима Мұратқызы

 

Емхананың мекен-жайы: Г. Беспаева 26, тіркеу бөлімінің телефоны:.52-18-21, 52-18-26

Стационардың мекен-жайы: 35 квартал, 18 "Б",  қабылдау бөлімінің телефоны:63-11-15.